Барселонада әйелдерге кез келген бассейнде төстарқышсыз түсуге рұқсат етілді
Барселонаның қалалық кеңесшілері әйелдерге бассейнде төстартқышсыз түсуге рұқсат ететіндерін мәлімдеді. Өйткені ер адамдар жоғары жағына ештеңе киместен шомылып жүреді. Сондықтан да әйел мен еркектің құқығы тең болуы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі El Pais сайтына сілтеме жасап.
Алайда, қалалық бассейн қызметкерлері әйелдердің төсқапсыз суға түсуіне тыйым салды. Бұл өз кезегінде қабылданған «киімдегі теңдік» туралы заңға қайшы келеді. Ол жерде азаматтардың, атап айтқанда әйелдердің, киіміне ешқандай талап қоя алмайды. Барлық қалалық бассейндердің өз ережелері бар екені белгілі болды. Бір жерде күнге қыздырыну аймақтарында ғана төсқапсыз суға түсуге рұқсат етілсе, келесі төбесі ашық бассейнде әйелдер төсқапсыз жүре алады екен. Ал жабық жерде – жалаңаш суға түсуге тыйым салынған.
Барселона мэрінің орынбасары Джанет Санс баспасөзге берген түсініктемеде бассейнде төсқапсыз жүруге тыйым салынғаны туралы заңда алынып тасталғанын айтты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”