Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Барселона” өз алаңында “Олимпиакосты” ойсырата жеңді

БарселонаФото:fc barcelona

УЕФА Чемпиондар лигасының 3-турында “Барселона” “Олимпиакосты” 6:1 есебімен тас талқан қылып, жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Каталониялық клуб Чемпиондар лигасының 3-турында өз алаңында “Олимпиакосты” қабылдады.
Ойын бастала салысымен “Барселоналықтар” ойын тізгінін қолына алып, “Олимпиакос” қақпасына шабуыл қарқынын үдете түсті. Ойын барысында “Барселона” сапынан Фермин Лопес қарсыластың қақпасынан үш рет саңылау тауып, хет-трик авторы атанды.

Сонымен қатар шабуыл шебіндегі Маркус Рэшфорд екі рет гол соғып, дубль жасады. Ал “Барселонаның” жас жұлдызы 18 жастағы Ламин Ямаль 11 метрлік айып добын сәтті орындап, “Олимпиакостың” жағдайын тіптен қиындата түсті. “Олимпиакос” сапынан жалғыз жауап голды пенальтиден Аюб Эль-Кааби енгізді. Алайда грек ұжымының үкілеп отырған үміті Сантьяго Хеззе 57-минутта ойын тәртібін бұзып, алаңнан қуылды. Осылайша үшінші турда алты ұпай еншілеген “Барселона” турнир кестесінде үшін орынға көтерілді. Енді олар сырт алаңда “Брюггеге” қарсы матч өткізеді.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 22 Қазан, 2025 12:45
Талқылау