Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлық жарысқа өз қаражатыммен бардым": Ақмола облысында ардагер спортшы жарысқа қатысуына ақша бөлінбегенін айтты

Смағұл Ахметжанов

Фото: Время

Ақмола облысында спорт ардагеріне жарысқа бару үшін ақша төленбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылы степногорлық 82 жастағы Смағұл Ахметжановқа жарысқа баруына демеушілік уәде етілген еді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин ардагерге қолдау көрсетілгенін, алайда ол жарысқа бармай, ақшаны қайтармағанын айтты. Бұл мәлімдеме зейнеткер мен оның отбасын қатты ашуландырды.

"Ешкім кездескен жоқ, сөйлескен жоқ, ақшаны да бермеді! Мен дзюдо мен самбодан үш рет әлем чемпионатының жүлдегерімін. Барлық жарысқа өз ақшама бардым, бір-ақ рет Степногорск қаласының әкімі 500 мың теңге тауып берді", – деді ардагер.


Параспортшы заңды сыйақысы үшін министрлікпен соттасып жеңіп шықты


"Нағыз чемпион бұлай өмір сүрмеуі керек": Күрестен бірнеше дүркін жеңімпаз болып, бір бөлмелі пәтерде тұратын әйел көптің көңілін босатты


Оған 2025 жылдың қарашасында Парижде өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін 2,5 миллион теңге керек деген екен.

Ардақ Төлендин қолданыстағы заңнамада спорт ардагерлерінің жол жүру ақысын мемлекеттік бюджеттен төлеу қарастырылмағанын айтады.

“Біз көмектесуден бас тартпаймыз. Расымен де, былтыр Ахметжановты қолдау туралы өтінішпен әлеуетті демеушілердің біріне жүгінгенбіз. Ауызша уәде берілген, бірақ белгілі болғандай, оған қаражат ешқашан аударылмаған. Түсініспеушілік үшін өкінеміз және болашақта ардагерге көмектесуге дайынбыз”, – деді Ардақ Төлендин.

Еске салсақ, ардагер спортшы сыйақысы үшін министрлікті сотқа беріп, жеңіп шыққан еді. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 17:48
Талқылау
`