"Барлық сұрақтардың жауабын аламыз": Головкин "Канело" кездесу алдында тың мәлімдеме жасады
Қазақстандың кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) өтетін үшінші жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Боксшылар бетпе-бет кездескен соң Нью-Йорк қаласында баспасөз мәслихатын өткізді.
"Бұл бокс әлемі және біз үшін ерекше жекпе-жек болмақ. Мен өз сөздерімнен бас тартқан жоқпын. 17 қыркүйекте барлық мәселені жауып, барлық сұрақтардың жауабын аламыз. Айтылған да, айтылмаған да орындалады", – деп мәлімдеді Головкин.
"Әр боксшының жеңіске жетуді мақсат ететіні айқын, әсіресе, осындай қарсыласты жеңуді. Біздің арамызда жауапсыз қалған сұрақтар бар", – деп қосты Головкин.
Головкин үшінші кездесуде өзінің үздік нұсқасын көрсететінін айтты.
"Барлығына қолымнан не келетінін көрсетемін, бұл менің үздік нұсқам болады", – деді ол.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”