Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлық шығындар өтелсін": Зеленский Ресеймен келіссөздер жүргізу шарттарын атады

Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдері және АҚШ-тың ықпалымен Ресеймен келісе алатынын мәлімдеп, келіссөздерді бастау үшін бірқатар шарттарын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Риа Новости” сайтына сілтеме жасап.

зеленский

8 қарашада Зеленский Ресеймен бейбіт келіссөздерді қайта бастаудың шарттарын атады. Украина басшысы бұған дейін Владимир Путин биліктен кетпейінше, Мәскеумен диалогқа бармайтынын айтқан еді. Кремль өкілі Дмитрий Песков Мәскеу Киевпен байланысқа ашық екенін айтты, бірақ Украина 4 қазанда Ресеймен келіссөз жүргізу мүмкін емес деген жарлық жарияланды. Бірақ Зеленский келіссөз жүргізу мүмкіндігі бар екенін хабарлауда.

"Аумақтық тұтастықты қалпына келтіру, БҰҰ жарғысын құрметтеу, соғыстың барлық шығындарын өтеп, әрбір әскери қылмыскерді жазалау және ондай жағдайдың қайталанбайтынына кепілдік беруі тиіс. Бұл – өте түсінікті әрі қарапайым шарттар", — делінген мемлекет басшысының бейнехабарламасында.

Бұл Киев пен Вашингтон арасындағы бірнеше күндік келіссөз және АҚШ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның Украинаға жеке сапарынан кейін орын алды.

Ақ үйдің жоғары лауазымды шенеунігінің айтуынша, америкалық шенеуніктер Владимир Зеленскийге өз ұстанымын өзгерту туралы тікелей айтпады, бірақ Киев қарулы қақтығысты "ақылға қонымды және бейбіт" аяқтауға дайын екенін көрсетуі керек деп түсіндірген.

Америкалық The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Джейк Салливан соңғы айларда Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен және қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен құпия байланыста болды. Келіссөздердің мақсаты — ядролық қаруды қолдану қаупін жойып, Украинадағы қақтығыстың өршуіне жол бермеу.

Ресей 24 ақпаннан бастап Украинаны демилитаризациялау және деназификациялау бойынша арнайы әскери операция жүргізуде. Владимир Путин оны "сегіз жыл бойы Киев режимінің геноцидіне ұшыраған адамдарды қорғау" деп атады. Қарулы күштердің алдында Донбассты босату міндеті тұр.

Талқылау