Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барлық қызметкерлерді қуып шыққан": Ақтөбе әуежайына жасалған шабуылдың мән-жайы белгілі болды

Елдегі тәртіпсіздіктер кезінде Ақтөбе әуежайын басып алғандар ұсталды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин содырлардың әуежайды қалай басып алғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімінің айтуынша, басқыншылар ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

"Әуежайды басып алу фактісі болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әуежай ғимаратына бір топ адам кіріп, барлық қызметкерлерді қуып шығып, олар адамдардың, мыңдаған жолаушылардың өміріне қауіп төндіре отырып, жұмысты тоқтауға мәжбүрлеген. Навигациялық жүйелерді өшіру қазірдің өзінде лаңкестік әрекет ретінде қарастырылады. Түні бойы олар әуежайда болған. Дегенмен, әуежайды адам шығынсыз қайтарып алдық. Бұл адамдар ұсталды, қылмыстық іс қозғалды", - деді әкім.

Сондай-ақ, ол көптеген аймақтарда тәртіпсіздіктердің әрекеті сценарий бойынша жүріп жатқанын атап өтті - автокөліктер, теміржолдар, әуежайлар, қоғамдық көліктер жабылды. Ақтөбедегі теміржол желілері жабылған кезде вокзалда 700-ге жуық жолаушы қалып қойған.

"Олар теміржол жолдарын жауып тастады, 700 адам, соның ішінде әйелдер мен балалар вокзалда қалды, оларды үйлеріне жеткізуге тура келді. Олар мұнай құбырын жауып, газ құбырын да жапқылары келді. Бұл әрекет қаланың 600 мың тұрғынын кепілдікке алу болатын еді. Олар Хромтау-Ақтөбе жолын да жауып тастады", - дейді Оразалин.

Ақтөбе облысында тонау, өрт қою, қарақшылық фактілеріне жол берілмеді. Тек облыс әкімдігінің ғимараты зақымданған. Мұнда әйнектер мен кеңсе есіктері сынған, кеңсе техникасы талан-таражға түскен және сындырылған. Алдын ала шығын 300 миллион теңгені құрады.

"Өкінішке орай, қызметкерлердің жеке заттары – сағаттары, телефондары жоғалып кеткен. Келтірілген залалды қалпына келтіру үшін республика бойынша қомақты қаражат бөлініп жатыр, Біз жергілікті бюджет есебінен әкімдікті қалпына келтіреміз", - деп қосты әкім.

Дана Русланқызы
Жұма, 14 Қаңтар, 2022 18:55
Талқылау