"Барлық ішкі ағзасы зақымданған": Ақмола облысында ер адам бесінші қабаттан құлап кетті (видео)
Ақмола облысы Атбасар қаласында ер адам бесінші қабаттан құлап кетті. Қазір дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күресіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адамның құлаған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрлардан ер адамның терезеге ілініп тұрғанын көруге болады. Аздан соң қолы тайып кетіп, жерге құлайды.
Дәрігерлер 34 жастағы азаматтың тірі екенін хабарлады. Бірақ жағдайы өте ауыр. Барлық ішкі ағзалары мен миы зақымданған.
Полиция тергеу басталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы процессуалдық шешім қабылдау үшін белгіленеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы маңында әйел терезе жуып жатып, 10-қабаттан құлап кеткені туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді