Астанада кәмелетке толмаған қыз 15-қабаттан құлап кетті
Астанада кәмелетке толмаған қыз көпқабатты үйдің 15-қабатынан құлап кетті. Дәрігерлер оған қажет медициналық көмек беріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: zeitnotinfo.ru
Мәліметтерге сенсек, қазір жасөспірім ауруханада, дәрігерлер қажет медициналық көмек беріп жатыр.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция болған жағдайдың нақты себептері мен мән-жайын анықтау бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жасөспірім көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінен құлап кеткен. Қайғылы оқиға 18 қарашада Әуезов ауданында болған. Үй тұрғындарының айтуынша, кеше кешке шамамен 11-12 жас шамасындағы бала үйдің подъезіне кіріп кеткен. Ал таңертең үйдің жоғарғы қабатынан секірген.
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"