Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері тоқтатылды
Президент барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

1. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 19 қаңтар
№ 105
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге боспасалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты