"Барлығы сияқты күтсін": Қазақстандықтар зағип қыздың әуежайда кезексіз өтуіне рұқсат бермей қойған
Видеодан скрин
Диляра Асаинова есімді зағип ару Анталия әуежайында болған жағымсыз оқиғасын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ол әуежай қызметкерлерінің еріп жүргеніне қарамастан, жолаушылар тарапынан дөрекілік пен түсінбеушілікке тап болғанын айтып берді.
"Жоқ, өткізе алмаймыз. Міне, кезек, бәріне бірдей. Тұра алмайтын болса, бизнес-класпен ұшсын. Міне, мұнда кішкентай балалар да кезекте тұр", – дейді кезекте тұрғандар.
Содан кейін ол өзінің зағип екенін түсіндіріп, ұшаққа отыруға кеткен. Диляра осы сөздерді ер адамдардың айтқанына қатты таңғалғанын жасырмады.
"Иә, мен зағиппын, кейде маған сәл көбірек көңіл бөлу қажет. Бірақ бұл аяушылықтан емес, құрмет пен түсіністіктен болуы тиіс. Бәріміз адамбыз ғой", – деп жазды ару.
Сондай-ақ Диляра қазақстандықтарды бір-біріне мейірімді, қамқор болуға шақырды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген