Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Барыс" "Сарыарқаның" екі хоккейшісімен сынама келісімшарт жасасты

"Барыс" хоккей клубы қорғаушы Эмиль Нұрғалиев және Михаил Рахмановпен 31 тамызға дейін сынама келісімшартына қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

барыс

Соңғы бес Нұрғалиев "Сарыарқа" жүйсіндегі команда сапында өнер көрсетіп келген. Өткен маусымда ол 31 матч ойнап, 10 ұпай (3+7) жинаған. Плей-офф кезеңінде қорғаушы 14 кездесу өткізіп, барлығы 7 ұпай (1+6) жинады. 

Рахманов 2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін "Барыс" сапында атынан ойнағандықтан елордалық жанкүйерлерге жақсы таныс. ҚХЛ-да Михаил 130 матч өткізіп, нәтижелілігі үшін 24 (13+11) ұпай жинады.

Соңғы екі жылда форвард Қарағанды қаласының "Сарыарқасында" өнер көрсетті. Өткен маусымда 61 кездесуде (плей-оффтағы 17 ойынды қоса алғанда) Рахманов өз еншісіне 78 (38+40) ұпай жазып, Қазақстан чемпионатының үздік шабуылшысы атанды.

Назархан Уән
Бейсенбі, 14 Шілде, 2022 12:33
Талқылау