"Барыс" НХЛ ойыншысымен келісімшарт жасады
"Барыс" хоккей клубы канадалық Кристофер Биграспен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
27 жастағы қорғаушымен бір жақты келісім 1 маусымға, яғни 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған.
Биграс спорттық мансабын тек Солтүстік Америкада өткізген. Канада юниорлар құрамасының сапында өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанған. 2013 жылы "Колорадо" командасына өтіп, НХЛ-да 46 матч ойнады.
АХЛ-де спортшы 279 кездесу өткізіп, 120 ұпай (26+94) иеленген. Өткен маусымды "Чикаго Вулвз" құрамында аяқтап, Колдер кубогын жеңуге көмектесті. Сонымен қатар 12 ойында 3 ұпайды қанжығасына байлаған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”