"Барыс" Канададан тәжірибелі қорғаушы шақырды
Фото: instagram.com/barys_official
Астаналық "Барыс" канадалық қорғаушы Тайлер Уозерспунмен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.
32 жастағы хоккейші кәсіби мансабында 700-ден астам матчты Америкалық хоккей лигасында (АХЛ) өткізіп, ҰХЛ клубтарының құрамында 36 ойынға шыққан. 2022 жылы ол Канада құрамасының сапында Бейжің Олимпиадасына қатысқан.
Өткен маусымда Уозерспун "Монреаль Канадиенстің" фарм-клубы "Лаваль Рокетте" ойнап, плей-оффты қоса есептегенде 79 кездесуде 18 ұпай (2 гол, 16 пас) жинады.
Жалпы АХЛ-де қорғаушының еншісінде 230 (39+191) ұпай бар. ҰХЛ-де ол бес нәтижелі пас берген.
Тайлер Уозерспун туралы мәлімет:
Туған күні: 12 наурыз 1993 жыл
Амплуа: қорғаушы
Бойы: 188 см
Салмағы: 94 кг
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

