“Барыс” хоккей клубы төртінші рет жеңілді

Фото:Barys_offical
Астаналық “Барыс” хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында Челябінің “Тракторымен” матч өткізді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ойын бастала сала алғашқы кезеңде Максим Мухаметов есеп ашып, “Барысты” алға шығарған еді.
Екінші кезеңде қарсылас командадан Светлаков шайбаны қақпаға дәл көздеп, есепті теңестірді.
Дегенмен көп ұзамай “Барыс” сапынан Семен Симонов есеп айырмасын біздің пайдамызға ұлғайтты.
Ал үшінші кезеңнің басында ресейліктер қарқынды үдетіп, таразы басын теңестірді.
Нәтижесінде қосымша уақытта “Барыстықтар” қарсыластарына есе жіберді.
Осылайша астаналық клуб төртінші мәрте жеңіліске ұшырап отыр.
Енді Елордалық клуб 12 қазанда өз алаңында Нижний Новгородтың “Торпедо”командасын қабылдайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

