AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәріңіз шетінен әдемі екенсіздер": Дастан Оразбеков көпшілікке отбасын көрсетті

Дастан Оразбеков анасын ел алдында туған күнімен құттықтап, жүрекжарды жазбасын арнады. Әнші отбасылық суреттерін жария етті. Көпшілік олардың ерекше сұлу жандар екенін айтып жатыр. 

Дастан Оразбеков желідегі парақшасында ата-ананың қадірі туралы сөз етті. Анасын туған күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

“Ана — шартсыз махаббаттың үлгісі. Баласынан ақ сүті мен тәлім-тәрбиесін аямайтын, перзенті үшін отқа да, суға да түсуге дайын, барлық жақсылықты баласына тілейтін ана – көктен жерге түскен Алла тағаланың мейірімі мен махаббатын айғақтауға келген бірден бір жандай. Анаң – сенің ұнамсыз қылықтарыңды біле тұра, жақсы қасиеттеріңді бағалап, мақтайтын, мәңгі айнымас жанкүйерің, жатса да, тұрса да тілейтіні тек сенің тілеуің. Ананың баласына жасаған жақсылығының өтеуін ешбір адам қайтара алмайды, тіпті "Меккеге арқалап апарсаң да, қайтара алмайсың" дейді білетіндер. Ана өз баласын тәрбиелей отырып, бүкіл қоғам тәрбиесіне де үлес қосады”, – деді Оразбеков.

Әнші балаңның анасын да, нәресте қыз балаңды да анаңды сыйлағандай құрметте дейді. 

"Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді", – деп халқымыз ананың осы атқаратын рөлін ерекше бағалаған. Бұл адамзаттың қандай болатынына тікелей ананың қатысы бар екенін, оған тікелей әсер ететінін көрсетеді. Ананың ақ сүтіне тойып, мейіріміне сусындап, бақытқа кенеліп өскен баланың әлемге берері мейірім мен сүйіспеншілік болатынын ғалымдар да айтып жүр. Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызыңа да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары өз тілегін айтты. Енді бірі әншінің отбасы мүшелерінің бірінен бірі өткен сұлу жандар екенін айтып мақтады.

“Жандарым, әрқашан жүздеріңнен қуаныш күлкісі кетпесін”, “Біз деніміздің саулығымен баймыз, жанұямызбен көріктіміз, дін тіл діл ұлтымызбен құрметті және адами қасиеттерімізбен ғана озатпыз”, “Мамаңызға аумайсыз”, “Керемет жанұя”, “Бәріңіз әдемі екенсіздер”, деп жазды олар.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр