Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кіндік қаным тамған жер еді": Шымкентте туристің қабырғасын сындырып жібергендер ұсталды

Шымкентте украиналық туристі ұрып-соғып, тонап кеткендер ұсталды. Қаскөйлер оның оның үш қабырғасын сындырып, жарты миллион теңгеге жуық ақшасы мен қажетті заттарын тартып алыпты. Төрткүл дүниені велосипедпен шарлап жүрген Владимир Галигузов басқа-басқа кезінде дәл өзінің кіндік қаны тамған жерде таяқ жегеніне қапаланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

турист

Шымкентте туып-өсіп, шетелге қоныс аударған Владимир Галигузов басқа-басқа өз жерлестерінен оңбай таяқ жеймін деп ойламадым дейді. Төрткүл дүниені түгел шарлап шыққан ол әлемнің ешбір жерінде дәл мұндай қорлық көрмегенін айтады. Шымқалаға ет жақындарын іздеп келген ол алғашқы күні туыстарының ешбірін таба алмай, «Қошқар ата» өзенінің бойында шатырда түнепті. Алайда, таңды таяқ жеп атырған. Түнгі бірлер шамасында оған үш жігіт қарақшылық шабуыл жасап, әбден ұрып-соққан.

"Күдіктінің бірі мен жатқан шатырдың есігінен кіріп келді. Ал, екіншісі, шатырдың артқы жағын жыртып, ішке енді. Сөйті де, әй-шәйға қарамастан, ұрып соға бастады. Үш қабырғамды сындырып тастады. Қатты соққыдан есімді жоғалтып алыппын", - дейді украиналық турист Владимир Галигузов. 

Қазақ үйден қырық қадам шыққан адамды мүсәпір дейді. Осы күні, Владимир Галигузовтың жанында не ақшасы, не құжаты, не жол көрсетуші картасы жоқ. Әлгі бұзақылар бәрін әкетіп қалыпты. Сол уақытта қалтасында мың долларға жуық ақшасы мен азын-аулық теңгесі болыпты. Мүсәпір болғаны соншылықты кімге алақан жаярын білмеген. Күдіктілер табылғанша, 20 күндей ашық аспан астында түнеп жүріпті. Құр қарап жүрмей, әлдекімдерге халықтық ем көрсеткенін айтады. Сол арқылы күнделікті ас-ауқат тапқан. Осындай қиын жағдайға тап болса да, туып-өскен жеріне шаң жуытар емес. 

"Мен үшін Шымкент туған қалам болып қала бермек. Ол кезде кеңестік кезең болатын. Ал қазір Қазақстан - менің Отаным болып саналады", - деді украиналық турист Владимир Галигузов.

Велосаяхатшы әзірге туған жерінде қала бермекші. Ал оған шабуыл жасаған үш күдікті де ұсталған. Полицейлердің мәліметінше, бәрі қала тұрғындары, жастары 17-де. Қылмыс жасағанын мойындаған олар, тартып алған заттарының бір бөлігін қайтарып беріпті. Осы күні сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. 

Ал жанашыр жандар қиын жағдайға тап болған туриске  көмек қолын созуда. Қазірдің өзінде, қалада велоқауымдастық өкілдері саяхатшының велосипедін жөндеп берген. 

"Келіп, көріп кетейік деп келдік. Тастап кетпейік дедік. Бір күнгі ақшамызда беріп, қаражатпен көмектесейік дедік", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Дәурен Қайыңбаев. 

Жағдайдан құлақтар болған құзырлы орган өкілдері шетелдік туристік хостелдердің бірінің баспана иесі де оның оқыс жағдайға тап болғанын естіп, қызмет ақысын да алмапты. Күнделікті ас-ауқатын жанашыр адамдар жеткізіп жатыр екен. Ал өзі денсаулығы қалпына келген соң, қайтадан атқа қонып, саяхатын жалғастырмақ. Ендігі бағыты - елорда. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Шымкентте бұзақылардың туристі ұрып-соғып тастағаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау