Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрібір қызғаныш болады": Гүлзира Айдарбекова құдасымен видео түсіріп, сынға қалды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші құдасымен видео түсіріп, көпшілік назарын аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova

Өнерлі отбасы ағайын мен тума-туыстарын жинап Түрген демалыс аймағында уақыт өткізіп жатыр. 

“Индиркамның әкетайы, менің құдаммен оқырмандарым үшін, көтеріңкі көңіл-күй болсын деп, TikTok түсіріп тастадық. Құдам риза болсын десеңіздер, алаулатып оттан, жүрек лүпілдерден жіберіп қойсаңыздаршы”, – деп әзілдеді продюсер. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Гүлзира Үсенқызының майысқан іс-әрекетін сынап жатыр. Алайда оқырмандарының ашуын басып, продюсер бәрін өзі-ақ түсіндіріп берді. 

“Қызғаныш болады деп оқырмандарым жазып жатыр екен. Арам ойлайтындай, Нұрекең 35 жыл болды табиғатымда мінезімнің қандай екенін біледі. Одан кейін деңгейі төмен ақылсыз емес. Әзілің жарасса атаңмен ойна деген. Жарасып тұрса, құдаңмен неге әзілдеспеске?” – деп жауап берді өнер иесі. 

Айта кетейік, "Ешқайсысы өз анасының жолын қуған жоқ" деп Гүлзира Айдарбекова "келіндеріңмен жарыспа" деп сынағандарға жауап берген еді. 

 

 

Талқылау