Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрібір бір ұжымда жұмыс істейміз, бір-бірімізге жұқпайды". Көкшетауда карантинде моншада көңіл көтерген шенеуніктер кінәларын мойындамай отыр

Карантин кезінде моншаға түсем деп қызметтік жазаға тартылған көкшетаулық шенеуніктер өз кінәларын мойындамай отыр. Жұмыстан қуылған сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің бұрынғы бес қызметкерінің төртеуі араша сұрап, сотқа жүгінді. Іске қатысты алғашқы сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюроға сілтеме беріп.

Желіде таралған видеода ер адамның бірі: "Бәрібір бір ұжымда жұмыс істейміз, бір-бірімізге жұқпайды ғой", - дейді.

Олар қызметтеріне қайта оралуды көздеп отыр. Айтуынша, қызметтік тексеріс нәтижесі дұрыс емес, агенттік басшылығының жұмыстан босату туралы бұйрығын заңсыз деп есептейді. 

Айта кетсек, 18 сәуір күні Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті Тергеу басқармасының басшысы Руслан Тұрғанбеков пен оның қол астындағы төрт тергеуші карантин уақытында моншада көңіл көтеріп жүрген жерінен полиция қызметкерлерінің назарына іліккен.

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 08:06
Талқылау