Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәрі заңды: Қазақстан мен Канада арасындағы "астық" дауына нүкте қойылды

Қазақстандықтар Канададан құнды сұрыпты астық дақылдарының тұқымдарын әкелгені рас болып шықты. Бірнеше күннен бері шетелдік басылымдар Қазақстан тарапының әрекеті заңсыз деп жарыса жазған еді. Бүгін мәселенің мән-жайына нүкте қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанға Канададан құнды сұрыпты астық дақылдарының тұқымдары заңды түрде жеткізілген. Мұны еліміздің Ауыл шаруашылығы даму қоры өкілдері растап отыр. Айтуларынша, тауарлардың халықаралық талапқа сай әкелінгенін шетелдік құқықтық компания да растайды. Оның үстіне операция БҰҰ-ның қолдауымен Дүниежүзілік сауда ұйымының тікелей атсалысуымен тікелей жүзеге асқанын айтады.

Канадалық іскерлер патенттелген дәнді-дақыл тұқымының өзге мемлекетке сатуда интеллектуалды құқығымыз қорғалмады деп шағымданған еді. 

"2019 жылдың күзінен бері жүргізіліп келген келіссөздер ұзаққа соөылды әрі қыза түсті. Көздеген мақсатқа жетуде Каанда мемлекетімен көптеген кедергілермен бетпе-бет келгеніміз рас", - делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы даму қоры Канаданың астық дақылдарының дәніне таңдау тегіннен түспеді дейді. Өнімділігі мен сапасы құнды сұрыптарды дәстүрлі селекция жолымен шығару үшін 10 жылдан астам уақыт пен қаржы кетсе, ал селекцияның замануи жетістігі бұл мерзімді екі есе қысқартуға мүмкіндік береді екен. 

"2020 жылы Канададан әкелінген астық дақылдарының тұқымдары Солтүстік Қазақстанның әртүрлі топырақ жағдайында зерттелген болатын. Зерттеуге алынған сорттар аймақтың климаттық жағдайына бейімділігімен, өнімділігімен, дән сапасының жоғарылығымен, сонымен қатар, аурулар мен зиянкестерге төзімділігімен ерекшеленді. Бұл Солтүстік Қазақстанның Канада елімен топырақ-климат жағдайларының толық сәйкес келумен байланысты", - деді ҚАТУ егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі.

Әу баста, астық дақылдарының тұқымдарын экспорттау бойынша екі ел ортақ мәмілеге келе алмаған соң отандық іскерлер БҰҰ мен Канаданың премьер-министрі Джастин Трютоның араласуын өтінген. Нәтижесінде қазақстандық тарап "ТРИПС" халықаралық келісімін пайдаланған. 

Айта кетейік, бұл құжат бойынша төтенше жағдай кезінде патенттелген өнімді патент иесінің рұқсатынсыз алуға болады екен. Осылайша, коронавирус пандемиясы шешуші сәтке дау-дамаусыз нүкте қойды.

Бұған дейін қазақстандықтарға Канададан "корольдік асыл тастарды" экспорттады деп айып тағылғаны хабарланды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр