Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға Канададан "корольдік асыл тастарды" экспорттады деп айып тақты

Канаданың бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан азаматтары дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдарын жаппай сатып алып жатқанын хабарлады – оларды елде "корольдік асыл тастар" деп атайды. Осыған байланысты Канададағы тұқым шаруашылығы биліктен тұқым экспортына жол бермеуді талап етті.

Соңғы айларда қазақстандықтар Канададан шыққан өсімдіктер генетикасына үлкен қызығушылық танытып отыр, атап айтқанда, оларды Виннипег, Регина және Летбридж қалаларының маңында өсетін дақылдардың сорттары қызықтырды. Бұл осы өңірлерде тұқым өсіру жағдайларының қазақстандықтарға ұқсас болуына байланысты, деп канадалық Realagriculture басылымы жазды.

Басылым мәліметнше, қазақстандық компаниялардың канадалық тұқымдарды заңды негізде сатып алу үшін келісімі жоқ.

Канадалық өсімдіктер технологиялары жөніндегі агенттіктің (CPTA) атқарушы директоры Лорн Хэдлидің айтуынша, тұқым экспорттауға тыйым салынғанына қарамастан, қазақстандық компаниялар Канаданың ірі тұқым өсіру фирмаларына тұқым сатуды сұрап хат жаза бастаған.

"Қазақтар негізінен көпшілік алдында келіссөздер жүргізуге тырысты. Оларға "жоқ" деп жауап бергенде,  олар бірден бұл өнім оларға керек екенін және біз оны сатуымыз қажет екенін айтты", - деді Хандли.

Бірнеше рет бас тартқаннан кейін, Хэндлидің айтуынша, қазақстандықтар айлакерлікпен әрекет ете бастады - олар әртүрлі компанияларды жалдап, өздерінің кім екендіктері және не үшін тұқым сатып алмақ болғандығы туралы ақпаратты бұрмалады.  Ол негізгі сатып алушылардың есімдері белгісіз болып қалғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Manitobacooperator.ca аграрлық сайты қазақстандық компаниялар  заңсыз негізде "корольдік асыл тастарды" сатып алып жатқанын жазды.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл тұқым сорттары тек Канада мен оның өндірушілерінің мүдделеріне сай жасалған. Хабарланғандай, тұқым өсірушілер ел билігінен тұқым экспортына тыйым салуды талап етіп отыр.

"Біздің ойымызша, федералды үкіметтің қазақстандықтарға тікелей жүгініп, оларды елден Қазақстанға жеткізуді тоқтатуды немесе шектеу қоюын сұрауға мүмкіндігі бар", - деді Лорн Хэдли.

Ол қазіргі уақытта қазақстандықтардың қанша тұқым және қандай сортты сатып алғаны белгісіз екенін атап өтті.

Талқылау