"Бәрі соғысқа дайындалып жатыр": Сербия президенті әлемнің қақтығысқа дайын тұрғанын айтты

Фото: АР
Сербия президенті Александр Вучич Копенгагенде өткен Еуропалық одақ саммитте бүкіл әлем елдерінің соғысуға дайын тұрғанын және майданға белсенді түрде дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Барлығы соғысқа дайындалып жатыр. Адамдар соғысқа дайындаып жатса ол болады деген сөз. Солай болатынына сенімдімін, өйткені мен не болып жатқанын және бәрінің соғыстың боларын сезіп, соған дайындалып жатқанын көріп отырмын”, – деді Александр Вучич.
Ол өз сөзінде Сербияның қақтығысқа араласпауға ұмтылатынын айтып, сы ұстанымда қалатынын жеткізді. Айтуынша, мәселе — кімнің қай тарапта болатынында.
“Мемлекеттер арасындағы диалог тұйыққа тірелген: ешкім бір-бірінің уәжін тыңдағысы келмейді, бұл өз кезегінде әлемді апатқа жақындатып отыр”, – дейді Вучич.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан