"Бәрі өзімдікі": Аша Матай пластикалық ота жайлы сұраққа жауап берді
Түрлі образда бой көрсеткендіктен, Аша Матайға сырт келбеті жайлы сауалдар жиі жолданады. Фанаттардың арасында Ашаны пластикалық отаға жүгінген деп санайтындар жетерлік екен. Осы ретте тележүргізуші ақиқатын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бәрі өзімдікі. Жаратқанға және ата-анама рахмет", - деді Аша Instagram-дағы парақшасында.
Оқырманның бірі Ашаға "қас жасатуға" кеңес берді. Оған тележүргізуші:
"Берілмеген нәрсені қайтемін? Қасым қалың емес, сондықтан бояймын, бірақ бетіме бірдеңе жасауға түбегейлі қарсымын. Мүмкін жасым ұлғая келе жасатуға тура келетін шығар?!" - деп жауап берді.
Екі қызды дүниеге әкелгеннен кейін, едәуір салмақ тастаған Аша әлі де арықтағысы келетінін жасырмады.
"Бойым 157 сантиметр, салмағым 52 килограм. Тағы 5 келідей тастасам жақсы болар еді", - деп ағынан жарылды ол.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан