"Бәрі бетперде тағып отырды": Айжұлдыз Адайбекова ұзатуына не себепті өнер адамдарын шақырмайтынын түсіндірді
Белгілі актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова ұзатуына ешбір өнер өкілдерін шақырмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/
Желі жұлдызы көп тойдың шынайы өтпейтінін “Өзіміз ғой” бағдарламасында жеткізді.
“Ұзатуыма өнер адамдары мен танымал жандарды шақырмаймын. Бірақ менің араласатын достарымның дені – блогерлер. Бұл – менің позициям. Жақында бір мықты адамның тойына бардым. Көп дүниені сезіндім. Бәрі бетперде тағып отырды. Одан кейін шынайы процесс жоқ. Бәрі телефонға түсіре берді. Бұл жерде адам іштей жақсы сезімде болуы керек. Телефонға түсіретіндер түсіре берсін. Тіпті, адам жалдап түсіртесіз бе, өзіңіз білесіз. Бірақ тойдағы әр моментті сезініп, шынайы қатысу өте маңызды. Әрине, тойды естелік үшін сақтап алғыңыз келеді. Бірақ керек емес сәттерін де жанталасып видеоға түсіреді. Сондықтан да мен тойымды қырғын блогерді жинап алып, жарқырап-шашылғанымды көрсеткім келмейді. Мақсатым – ауызбіршілікте өмір сүретін жақын адамдарыңды бір жерге жинап, жақсы кеш өткізу. Әрі қарай жолдасымның тойын өткізуді өз еркіне беремін. Оған бағыт-бағдар беріп, ұсыныс та айтпаймын. Блогердің кеші бола ма, өзі біледі. Мен оған еш араласпаймын, жалпы өзімнің ұстанымым осындай", – деді актриса.
-
"Оны тосынсый күтіп тұр": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен бірге Лондонға аттанды
-
"Тағы да бөпелі болармыз": Айжұлдыз Адайбекова жеке өміріне қатысты құпияны ашты
Еске салайық, Айжұлдыздың таңдауы, мобилограф Сәкен Кагаровқа түскен. Күйеу жігіт қалыңдығына Исландияда үйленуге ұсыныс жасады.