Барбиге айналған қыздар (фото)
1959 жылы наурыз айында алғаш рет Барби қуыршағы Нью-Йорктегі ойыншықтар жәрмеңкесінде қойылды. Одан бері 57 жыл өткеніне қарамастан, “жасанды” сұлулардың танымалдылығы жыл санап артып келе жатыр.
Бұл туралы bigpicture.ru сайты хабарлайды.
Барби негізі шығу тегі бойынша – неміс. 1950 жылдардың бас кезінде үлкендерге арналған комикс кейіпкері ретінде Лили қуыршағы пайда болады. Рут Хэндлер оны Швейцарияда көреді. Ол сол кезде үш “Лили” сатып алып балаларға арналған нұсқада қуыршақ жасайды. Сатылымға шығар алдында Лили – Барби деген жаңа есімге ие болады.
Барби – миллиондаған қыздардың сүйікті қуыршағы. Кей кезде қыздар есейіп кетіп, қуыршаққа деген махаббаты да жойылатын кездер болады. Ол кезде бойжеткен қыздар өз-өздерінен Барби жасай бастайды.
Орыс тілді қыздардың ішінде Валерия, ең танымал “тірі Барбиге” айналды. Қыпша бел, ұзын аяқтар және көгілдір көздері расында оны қуыршаққа айналдырды. Лукьянованың сөзінше образын жасау кезінде ол бір рет ғана пластикалық операцияның көмегіне жүгініп, кеудесін үлкейткен.
Синди Джексон
Бұл әйел – ең алғашқы “тірі Барби”. Оның жасы қазір 59-да. Джексонның сөзінше ол ешқашан әдемі қуыршаққа айналуға талпынбаған. Тек уақыт өте келе, жасаған операциялардың нәтижесінде (50-ден астам) журналистер Синдиді Барбидің дәлме-дәл көшірмесі деп бағалапты.
Ол операцияға 100 мың доллардан астам қаражат жұмсаған. Ақшаның барлығы әкесінен мұрагерлікке қалған қаражат екен.
Анжелика Кенова
Анжелика хирургиялық операцияны дұрыс емес деп санайды. Ал қуыршаққа ұқсау себебін ол сәтті кездейсоқтық және табиғаттың сыйы деп бағалаған.
Анастасия Шпагина
Анастасия өз-өзін Барби санамайды. Қазір оның жасы – 22-де. Ал ұқсас макияжды 15 жасынан бастап жасатып келе жатыр.
Карина Барби және оның анасы
Қарағандылық сұлуды анасы да тек сөзбен ғана қолдап қоймай, әдемі көйлек киіп блондинкаға айналған. Ашығын айтқанда Каринаның өзі Барбиге қатты ұқсамайды, әйтсе де өзіне тән сұлулығы ғажап.
Айджан Алиева и Илиан Илиев
Болгариялық бұл жұп нағыз Барби мен Кен. Бір қарағанда олардың шынымен тыныс алып, шынымен адам екеніне сенгің келмейді. “Қуыршақ” жұп бұл бейненің өздеріне табиғаттан берілгенін, ешқандай операция жасатпағандарын айтып бақты.