Барак Обаманың қызы мейрамханада даяшы болып қызмет етуде
АҚШ президенті Барак Обаманың 15 жастағы қызы Саша Оук Блэфс қаласындағы мейрамхананың біріне даяшы болып қызмет етуде.
Сурет: www.spletnik.ru
Оның міндетіне үстелді жинап, мейрамхананың ашылуына дайындық жасау кіреді. Мейрамханаға әдетте туристер келетін көрінеді.
Президенттің қызы бала кезінен қызмет көрсетудің қыр-сырын үйренуге талпынған екен. Ол күн сайын мейрамханада 4 сағат қызмет етеді.
Өзгелер секілді жұмыс істегеніне қарамастан оны 6 оққағар бақылап тұрады. Жұмыс уақыты аяқталғанда Саша оларға алғыс ретінде сусын әкеліп береді.
Бұл мейрамхана президент отбасының жиі бас сұғатын орны. Ата-анасы қызының бұл жұмысы оның өмірін қызықты етеді деп есептейді.
Жіберіп алмаңыз:
Кішкентай қызбен еңбектеп жүрген Обама желі пайдаланушыларын таң қалдырды
Обаманың мұсылман киімімен түскен суреті желі қолданушыларын қайран қалдырды (фото)
Талқылау