Барак Обама АҚШ заңынан “негр” деген сөзді алып тастады
АҚШ президенті Барак Обама федералды заңнамадан “негр” (negro) және “Шығыс тумасы” (oriental) ұғымдарын білдіретін сөздер алынып тасталған заң жобасына қол қойды.

Сурет Reuters
Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Заң жобасын Нью-Йорк штатынан сайланған конгрессмен-депутат Грейс Менг ханым ұсынған.
Құжаттың мақсаты “азшылықты білдіретін терминологияны жаңғырту” болып табылады. Ол 1970-ші жылдардың соңында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы заңдарда кездесетін ұғымдарды алмастыруды, оларды саяси жағынан білікті етіп жасауды көздейді.
“Қазір “Шығыс тумасы” деген термин федералды заңнамада жоқ, ақыр соңында бұл адамды қорлайтын және әбден іскірген ұғым, сондықтан одан бас тартуға тиіспіз”, — деп түсіндірді өзінің ойын конгрессмен. Менг бұған өзін жақсы түсінгені үшін президентке разы екенін айтып, оған алғыс сезімін білдірді.
Грейс Менг – Нью-Йорк штаты атынан АҚШ конгрессіне депутат болған тегі азиялық бірінші әйел.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады