Бапкері Головкиннің жеңілісіне қатысты пікір білдірді (видео)
Бұрын біраз уақыт Генадий Головкинмен жұмыс істеген қазақстандық бапкер GGG мен неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт арасында болған шаршы алаңдағы кездесу туралы айтып берді. Олар 2005 жылы Германияда өткен Chemie Pokal турнирінде кездескен болатын.
Бұл туралы “Vesti.kz” басылымы хабарлайды.
“Бұл ұрыстан кейін мен Генадиймен сөйлестім. Ол Эдуардтың соққы жасауға мүмкіндік бермегенін айтты. Генадий оны ұруға тырысқан, ол болса боксшымызды қолымен ұстап тұрған. Төрешілер оның бұл қылығына көз жұмып қараған. Мамандардың айтуынша, ол ұрыста Генадий жеңіске жеткен. Қарсыласы үш раундқа шыдап берген… Мен оның сұхбатын әлі оқымадым. Ол кезде бұл кездесуге ешкім назар аудармаған еді. Олимпиададан кейін болған. Гена бұл уақытта жаңадан жаттығу жұмыстарын бастап жатқан болатын. Тағы да бір турнир Галледе өтті. Ал Эдуардты біз бұрыннан білетінбіз. Олар түйдей құрдас. Генадий жасөспірімдер арасында өткен чемпионатта бас жүлдені алды. Ал Эдуард екінші орынға ығысты. Алайда Эдуард 71 кг салмақта, Генадий 63,5 кг салмақта өнер көрсеткен. Осы кездесуде Эдуард Генадан қатты қорыққан еді”, – дейді маман.
“Генадан барлық боксшы қорқатын. Тіпті ол жеңіске жетпеген жерлерде де. Оның жолына түрлі себеппен бөгет жасағандар да болды. Жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Мұның барлығы өткен шақта болғандықтан, қайта көтергім келіп тұрған жоқ. Спортшылардың бұрыс жолмен жеңіске жетіп жатқанын көргенмін. Бәлкім Гена да осалдау болған шығар”, – деп қосты басылымның әңгімелесушісі.
“Мамандардың айтуынша, біз сөз етіп отырған кездесуде Генадий басымдық танытқан. Ал оның қарсыласы түрлі айла-тәсілмен қашқақтап, оған қолымен ұстап кедергі жасауға тырысқан. Эдуард жақсы боксшы болған, алайда ол ауыз толтырып айтарлық табысқа жеткен жоқ. Кәсіби бокста да, әуесқой бокста да жеңіске жеткенін естіген емеспін. Ал мұндай (Головкин-Гуткнехт) жекпе-жектер жиі болып тұрады. 2007 жылы Галледе Сапиевті де… Бірақ Сапиев қарсыласынан әлдеқайда басымдырақ түскендіктен, жеңісті бермеске амалдары болмады. Ұпай санымен неміс алда келе жатса да, ол жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Отандасымыздың қарсыласының ары қарай жалғастыруға шамасы жетпеді. Тайландтағы Патша кубогы кезінде де дәл осындай оқиғалар болған еді. Бұл жерде біз не айта аламыз? Бокс спорттың субъективті түрі. Қазір кез келген спортшы бір кездері біреуді жеңгенін айтып мақтана алады. Өзіне жарнама жасай алады”, – дейді Ғалым Кенжебаев.
2005 жылғы Chemie Pokal турнирінің видеосы. Эдуард Гуткнехт кезекті сұхбаттарының бірінде Головкинді ұпай нәтижесінің арқасында жеңгенін айтқан.
Жіберіп алмаңыз:
Головкин Мәсімовті Лондонда өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды
Головкиннің қарсыласы Брук өзінен 5 килограмға ауыр болып шықты (Видео)
АҚШ тілшісі: Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін