Банктер енді қазақстандықтардың шоттары туралы ақпаратты мемлекеттік кіріс органдарына береді
Банк ұйымдары енді мемлекеттік кірістер органына банк шоттарының болуы, сондағы ақша туралы ақпаратты береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Банк ұйымдарының мемлекеттік кірістер органына банк шоттарының болуы және олардың нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат беру нысандарын бекіту туралы" Қаржы министрінің бұйрығының жобасы дайындалды.
Жобаның мақсаты – салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру және салықтық тәуекелдерді жедел анықтау.
Мәлімдеулерінше, ол салықтық әкімшілендіру міндеттерін тиімді орындауға, салықтан қашу үшін табысты төмендететіндерді, салық төлеуден жалтарған заңды және жеке тұлғаларды анықтауға көмектеседі.
Жаңа заң күшіне енеді: Енді Қазақстанда банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады
Бұл жалпы алғанда бюджет түсімдерінің ұлғаюына және көлеңкелі экономика үлесінің төмендеуіне әкеледі.
Құжат 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына орналастырылған.
Еске салсақ, Тоқаев банктер туралы заң жылдың соңына дейін қабылданатынын айтқан еді.

"Дүкенде дөрекілік танытып, қонақүйге кіргізбеді": Қазақстандық блогер Ресей мен Беларусьтегі сапарында болған күтпеген әсерлерін айтты
