Bank RBK ZERO киім брендіне дамудың жаңа деңгейіне шығуға көмектесті
ZERO қазақстандық киім бренді Bank RBK қаржылық қолдауымен ассортиментін кеңейтіп, сатылымын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, еліміздегі ең беделді сауда орталықтарының бірінде жаңа дүкенін ашты.
Кәсіпкерлер мен Bank RBK арасындағы табысты серіктестік оқиғасы бизнесті тиімді басқару кезінде несие түріндегі ресурстар оны дамытуға жаңа серпін бере алатынының айқын мысалы.
19 қараша күні "Dostyk Plaza" сауда орталығында ZERO брендінің жаңа дүкені ашылды. Салтанатты рәсімде лентаны ZERO брендінің негізін қалаушы Исламбек Шәріпов пен "Bank RBK" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сымбат Ибраймов қиды.
"Банк үшін ең үздік сыйлық – өз клиенттерінің қалай өсіп, дамып жатқанын көру. Дәл осы нәрсе біздің жұмысымызды мән-мағынаға толтырады", – деді Bank RBK басқарма төрағасының орынбасары.
Сондай-ақ Bank RBK басқарма төрағасы Наталья Акентьева ZERO брендіне нарықтағы үлесін арттыру, одан әрі географиялық кеңею және клиенттердің сүйіспеншілігіне бөлену жолында сәттілік тіледі.
"Біз бұл жобаны қолдағанымызға өте қуаныштымыз, соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, ел экономикасына пайдасы тиетіні сөзсіз. Бұл кейс – кәсіпкерлік дарынның дұрыс қаржылық қолдаумен өркендей түсетінінің айқын дәлелі. ZERO-ға жаңа табыс, өркендеу және халық ықыласын тілеймін", – деді банк басшысы.
Өз кезегінде ZERO брендінің негізін қалаушы Исламбек Шәріпов Bank RBK-ге ынтымақтастық үшін алғыс айтып, банк қолдауын бизнестің табысты дамуына қажет факторлардың бірі деп атады.
"Қазір бізде талғампаз отандастарымызды сапалы киіммен қуантуға жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Бірлескен жобаның арқасында табысты нәтижелерге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Біріншіден, бұл бізге жаңа сауда нүктелерін ашуға, өнім ассортиментін кеңейтуге, сату көлемін 120%-ға арттыруға, ең бастысы, жаңа дизайнерлерді, тігіншілері, маркетологтар мен сатушыларды жұмыспен қамти отырып, ұжымды 150%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы біз брендтің нарықтағы орнын одан әрі нығайтып, брендтің танымалдығын арттырғымыз келеді", – деді кәсіпкер.
Исламбек Шәріповтың айтуынша, банкпен ынтымақтастықтың арқасында оның командасы "А" класындағы сауда үйінен орын алып, бөлшек сауда саласында жоғары лигаға өткен.
Сондай-ақ Исламбек Шәріпов Bank RBK-дағы жоғары деңгейдегі қызмет көрсету сапасына да тоқталды.
"Осы жоба аясындағы Bank RBK-мен ынтымақтастық жоғары бағаға лайық. Несие беру барысының ұйымдастырылуына, әсіресе банк қызметкерлерінің жылдамдығы мен назарына ризамыз. Bank RBK бізге қолайлы жағдайлар ұсынып қана қоймай, сонымен қатар транзакцияның әрбір кезеңінде жоғары сапалы қолдау көрсетті, бұл бізге бар назарымызды бизнесті дамытуға аударуға және қосымша қиындықтарды айналып өтуге мүмкіндік берді. Bank RBK қолдауымен өз мақсаттарымызды жүзеге асырып, үлкен жетістіктерге жететінімізге сенімдіміз. Бұл кейс біздің Retail Академиясындағы тауар бизнесі саласының кәсіпкерлеріне арналған курстарымызда үлгі ретінде қарастырылады", – деді Исламбек Шәріпов.
ҚНРДА берген 2021 ж. 05.04 №1.2.100/245/41 лицензиясы