Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Bank RBK заңды тұлғалар салымдарының өсім қарқыны бойынша көш бастады

Биыл көктемге қарай еліміздегі банктердегі заңды тұлғалардың депозиттері 17,2 триллион теңгені құрап, бір айда 0,2% (шамамен 32 миллиард теңгені) жоғалтты. Ranking.kz Ұлттық банк деректеріне сілтеме жасай отырып, еліміздегі бизнес-салымдарды ұстап тұрған банктердің үздік ондығында плюс айлық динамикада тек төрт екінші деңгейлі банктің қалғанын жеткізді.  

Олардың арасында ай сайынғы өсім бойынша Bank RBK көш бастады. Мұнда заңды тұлғалардың салым портфелі 6,1%-ға, 1 триллион теңгеге дейін жеткен. Бір жыл ішінде аталған банктегі кәсіпкерлердің депозиттері рекордтық 53,6% - ға өсті. Бұл Қазақстанның үздік банктері арасындағы ең маңызды көрсеткіш. 

Жалпы еліміздегі екінші деңгейлі банктердегі бизнес-салымдардың жиынтық көлемі жылдық динамикада 14,5% - ға өскен.

Үздік ондық екінші деңгейлі банктер арасында жылдық динамикада заңды тұлғалардың салымдары бойынша тек жеті банк пайда көрген. 

Назар салсақ, заңды тұлғалардың салымдарының көлемі тұтастай алғанда тұрақсыз өсуде. Дегенмен ұзақ мерзімдегі өсім айтарлықтай елеулі болады. Сондықтан бес жыл ішінде көрсеткіш 2,1 есеге, онжылдықта 2,6 есеге өсті.

Осы аралықта екінші деңгейлі банктер салымдарының жалпы портфеліндегі бизнестің үлесі азайып келеді. Мәселен, биыл 1 наурызға қарай ол тек 41,7%-ды құрады. Ал былтыр ол 42,7 % болған. Бес жыл бұрын ол 46,6% болса, он жыл бұрын 62,1%-ды көрсеткен.

Бұл бизнестің қаражатты кез келген банкте сақтауға дайын емес екенін көрсетеді. Пайда көріп отырған екінші деңгейлі банктердің санаулы ғана екені – бұған дәлел. 

Лицензия № 1.2.100/245/41, берілген ҚНРДА 05.04.2021

STAN.KZ
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 11:12
Талқылау