Bank RBK – шетел валютасындағы салымдар өсімі бойынша ең үздік екінші деңгейлі банк
Ranking.kz мәліметінше, ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі халықтың шетел валютасындағы салымдары биыл шілде айына қарай 5,85 триллион теңгені құраған. Бір ай ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай 57,4 миллиард теңгеге қысқарған.
Халықтың депозиттерін сақтандыру жүйесіне кіретін 10 банктің көрсеткіші нашарлаған. Ал 8 екінші деңгейлі банкте өсім байқалады. Дегенмен олардың ішінде нақты, айтарлықтай өсім небәрі 3 қаржы институтында ғана тіркелді. Осы тұста қазақстандықтардың доллар, еуро және басқа да еркін айырбасталатын валюталардағы депозиттерін қай банктерде белсенді түрде орналастырғанын қарастырайық.
Сектордағы барлық екінші деңгейлі банктер арасында айлық өсім бойынша абсолютті көшбасшы Bank RBK болды. Бұл қаржы институтында халықтың шетел валютасындағы салымдарының көлемі бір айда 9,3 миллиард теңгеге (немесе 3,7%) артып, 260,4 миллиард теңгеге жеткен. Жылдық динамикада банк шетел валютасындағы бөлшек салымдар портфеліне 32 миллиард теңгеге жуық қосқан. Айта кетейік, аталған банктегі жеке тұлғалардың жалпы салым портфелі бір айда шамамен 3%-ға өсіп, 614,3 миллард теңгеге жеткен. Ал халық пен бизнестің жалпы депозиттік портфелі 1,5 триллион теңгеден асқан.
Айта кету керек, пайыздық мөлшерлемелердің орташа деңгейіне қарамастан, шетел валютасындағы депозиттер әлі де қазақстандықтар арасында сұранысқа ие қаржы құралы болып отыр. Бұл ең алдымен теңге бағамының құбылуы жағдайында қаражаттың құнын сақтап қалу мүмкіндігімен байланысты.
Сонымен қатар Bank RBK теңгедегі салымдар бойынша да тартымды шарттар ұсынады. Атап айтқанда, клиенттерге өз жинақтарын қаржылық мақсатта болсын, жоғары табыс немесе валюталық әртараптандыру бағытында болсын икемді түрде басқаруға мүмкіндік береді. Банктің ең танымал депозиттік өнімдерінің бірі — Safe жинақ салымы. Ол тиімді орналастыру шарттарын ұсынады. Мұнда сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10%-дан 17,5%-ға дейін (ЖТСМ — 10%-дан 18,3%-ға дейін). Сондай-ақ бірқатар қосымша артықшылықтармен толықтырылған. Атап айтқанда, клиенттер банктің тарифтеріне сәйкес бүкіл қолданылу мерзімінде қызмет көрсетуге комиссия алмайтын, премиум дебеттік картасын рәсімдей алады.
Еске салайық, бүгінде Қазақстанда 23 екінші деңгейлі банк (ЕДБ) жұмыс істейді. Олардың 19-ы ұжымдық депозиттерді сақтандыру жүйесіне кіреді. Аталған банктердің 18-інің портфельдерінде шетел валютасындағы салымдар бар.
Анықтама үшін, Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі (ЕДБ) депозиттер портфелі биыл шілде айына қарай жалпы 44,11 триллион теңгеге жетті. Оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары – 25,43 триллион теңге. Ал ұжымдық депозиттерді сақтандыру жүйесіне кіретін банктердегі халықтың салымдары – 25,36 триллион теңге. Бұл сегментте теңгедегі салымдар 19,51 триллионға жетсе, шетел валютасындағы салымдар, бұрын айтылғандай, 5,85 триллион теңгеге қысқарды. Шетел валютасындағы салымдардың үлесі сегментте 23,1% құрады. Бұл бір ай бұрынғы 23,8% және бір жыл бұрынғы 25,4% көрсеткіштерінен төмен.
Банктер бойынша толық ақпарат пен депозиттер туралы толық мәліметтер инфографикада келтірілген.
ҚНРДА 2021 жылдың 5 сәуірінде берген № 1.2.100/245/41 лицензиясы

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
