Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK несие портфелінің өсімі бойынша көш бастады

Биыл тамыз айына қарай қазақстандық банктердің несие портфелі 39,8 триллион теңгеге жетті. Ranking.kz-тің Ұлттық банк деректеріне сілтеме жасап мәлімдеуінше, бір ай ішінде бұл көрсеткіш 1,9%-ға өскен.

Несиелердің жалпы көлемінің шамамен 93%-ы үздік он банкке тиесілі. Яғни бұл 37 триллион теңгені құрайды және шілде айымен салыстырғанда 1,5%-ға өскен.

Үздік он екінші деңгейлі банк (ЕДБ) арасындағы несие портфелінің айлық өсімі бойынша Bank RBK көшбасшы болды. Оның портфелі 4,1%-ға өсіп, 1,3 триллион теңгеге жетті. Жыл басынан бері қаржы институты несие портфелін 13,5%-ға арттырған. Bank RBK халыққа да, кәсіпкерлерге де, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдеріне жиі әрі белсенді түрде несие беріп келеді. Банк қолжетімді қаржыландыру ұсынып, "Даму" қорымен бірлесіп кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысады. Мысалы, жаңа "Өрлеу" бағдарламасы аясында кәсіпкерлер экономиканың басым салаларында 10 жылға дейінгі мерзімге жеңілдетілген несие ала алады. Ал осы бағдарламаның портфельдік кепілдік механизмі бойынша "Даму" қоры несие сомасының 85%-ына дейін, 3,5 миллиард теңгеден аспайтын мөлшерде кепілдік береді.

Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау аясында Bank RBK 30 қыркүйекке дейін клиенттерге "START Жаз" және "ALGA Жаз" тарифтеріне қосылуды ұсынады. Бұл ретте клиент үшін теңгемен аударымдар, касса арқылы толықтыру және қолма-қол ақша шешу, сондай-ақ шот жүргізу мен интернет-банкинг бойынша комиссия – 0 теңге болады. Бұдан бөлек, Bank RBK ел экономикасының дамуына және азаматтар мен бизнестің қаржыға қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар жобаларға өз үлесін қосуда.

Анықтама үшін: бір жыл ішінде Қазақстанның екінші деңгейлі банкінің несие портфелі 22,7%-ға өсті. Бес жылда – 2,7 есе, ал он жылда – 3,2 есеге артқан. Биыл тамызға қарай 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздардың NPL 90+ үлесі сектор бойынша орташа есеппен 3,5% болды.

ҚНРДА берген 05.04.2021ж № 1.2.100/245/41 лицензия

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 09 Қыркүйек, 2025 10:39
Талқылау