Күншуақты қаладағы жүгіру мерекесі: Bank RBK мерейтойлық Shymkent Marathon шарасына қолдау көрсетті
Әлемнің 15 елі мен 120 қаласынан келген 7000-нан астам желаяқ Қазақстандағы ең ірі және танымал спорттық шараларының бірі, дамуы барысында үлкен жетістікке жеткен Shymkent Marathon-2025 оныншы мерейтойлық марафонына қатысады. 14 қыркүйекте Шымкентте өтетін мерейтойлық марафонның басты серіктесі – елдің жетекші қаржы институттарының бірі саналатын Bank RBK.
Shymkent Marathon алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылып, 2018 жылы Association of International Marathons and Distance Races (AIMS) ресми сертификатын алды. Бүгінде Shymkent Marathon тек үлкен әрі қызықты марафон емес, жыл сайын Қазақстанның халық саны бойынша үшінші мегаполисіне көптеген туристер мен желаяқтарды тартатын ерекше шараға айналды.
Марафонды қолдау Bank RBK-ның бұқаралық спортты дамытуға, әлеуметтік маңызды жобаларды қолдауға және адамдарды салауатты өмір салтына тартуға бағытталған стратегиялық бағытын айқындайды.
"Біз үшін Shymkent Marathon-ды оның мерейтойлық жылында қолдау – үлкен мәртебе. Бұл бірегей шара спортқа бей-жай қарамайтын буындарды біріктіріп, жаңа жетістіктерге ынталандырады. Әр марафон – жеңістерге, соның ішінде өзіңді жеңуге апаратын мыңдаған қадамның хикаясы. Сонымен қатар бұқаралық спорт мықты әрі дені сау қоғам қалыптастырады, біз осы тамаша дәстүрдің бір бөлігі болғанымызға шын жүректен қуаныштымыз", – деді Bank RBK Басқарма төрайымы Наталья Акентьева.
2022 жылдан бастап марафон бағыты Шымкенттің орталық даңғылдарының бойымен өтеді. 2025 жылы қатысушыларды алты түрлі қашықтық күтіп тұр: 5, 10, 21 және 42 шақырымға жүгіру, сондай-ақ командалық эстафета және скандинавиялық жаяу жүріс те бар. Жүлде қоры – 15 миллион теңге, ал 140-тан астам жеңімпаз арнайы марапатқа ие болады.
Алдағы марафонның басты ерекшелігі – 2025 жылдың бірегей медалі болмақ. Оның салмағы рекордтық 200 граммды құрайды және күн стиліндегі керемет дизайнымен ерекшеленеді. Өйткені Шымкент елдегі ең күншуақты қала ретінде танылған.
"Мерейтойлық Shymkent Marathon – біздің ортақ жетістігіміз. Он жыл ішінде жоба шағын қалалық жарыстан халықаралық деңгейде танымал брендке айналды. Біз үшін марафонның адамдарды біріктіріп жатқанын көру үлкен қуаныш, ал Bank RBK-мен серіктес болғанымыздың арқасында бұл спорт мерекесін одан әрі жарқын әрі ауқымды ете аламыз", – дейді шараның идеялық демеушісі, "Shymkent Marathon" қоғамдық қорының құрылтайшысы Қарлығаш Бекбосынова.
Shymkent Marathon — тек спорттық жарыс қана емес, қаланың ең ерекше мәдени шараларының бірі. Желаяқтармен қатар іс-шараға 700-ден астам волонтер қатысады. Ал шығармашылық топтар, жанкүйерлер және қарапайым Шымкент тұрғындары қазақтың қонақжайлылығын көрсетіп, ерекше атмосфера қалыптастырады.
2021 ж. 05 сәуірде ҚНРДА берілген №1.2.100/245/41 лицензиясы

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
