“Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Тараздағы жасөспірімнің өлімі: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Фото: Видеодан скрин
Тараздағы шағынаудандардың бірінде жасөспірімдер сөзге келіп қалып, бірі екіншісін пышақтап өлтірді. Полиция “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шағынаудандардағы үй ауласынан пышақ жарақатынан қансырап жатқан 14 жастағы мектеп оқушысы табылды. Оны байқаған куәгерлер жедел жәрдем шақырған. “Бала тірі болған еді” дейді олар. Алайда жедел жәрдем қызметкерлері баланың жан тапсырғанын айтты.
Тәртіп сақшылары оқушыны жаралаған күдіктіні ізін суытпай тауып алды. Күдікті 15 жастағы тау-кен технологиялық колледжінің студенті болып шықты. Жасөпірімдер нені бөлісе алмағаны тергеу кезінде анықталмақ. Екеуінің де Білім күніне арналған жиынға қатысқаны белгілі болды.
Полиция “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”