Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Банк қызметкері ме, алаяқ па": Қаражатыңыз қолды болмау үшін жалған қоңыраулардан қалай сақтану керек

Бүгінде жұртшылық үшін жеке ақпаратқа мұқият болып, оны ешкіммен бөліспеу өте маңызды. Себебі телефон нөміріңізден бастап, банк картасы, жеке құжат деректерін біліп алуда түрлі айласын асыратын алаяқтар жетерлік. Осы тұста Банк ЦентрКредитпен бірге жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталғымыз келеді. Банктің клиенттер қаражатын қорғау әдісі қалай, онлайн әлемде қауіпсіздікті сақтау үшін не істеу керек? Кеңестермен бөлісейік!

“Сәлеметсізбе! Бұл банктің қауіпсіздік қызметі. Біреу сіздің атыңызға несие рәсімдемекші. Қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін біз қосымша ақпарат сұрап, жеке басыңызды растағымыз келеді”

Міне, алаяқтардың сіздің картаңыз бен есептік жазбаларыңызға қол жеткізу үшін сендіретін ең көп тараған алдау тәсілі.

Алаяқтықпен күресте банк қалай әрекет етеді?

Алаяқтықпен күресте банк соңғы тенденцияларға сәйкес келу және клиенттер қаражатының сақталуын қамтамасыз ету үшін ережелер мен тәуекелдерді бақылау алгоритмдерін үнемі жетілдіріп отырады. Бұған көп деңгейлі аутентификация, күдікті әрекетті бақылау, зиянды бағдарламадан қорғау және деректерді шифрлау сияқты түрлі шаралар кіреді.

 Банк қызметкері қандай жағдайда хабарласады?

Транзакцияны растау. Егер сіз әдеттен тыс ірі қаржылық аударымдар жасасаңыз, банк қызметкерлері транзакцияны сіздің аяқтап жатқаныңызды тексеру үшін қоңырау шалуы мүмкін. Бұл қауіпсіздік мониторингі деп аталады.

Өтінім бойынша кері байланыс. Егер сіз банкке қандай да бір өтінішпен хабарлассаңыз, банк қызметкерлері мәліметтерді нақтылау үшін кері байланыс жасауы мүмкін.

Алаяқтар қалай әрекет етеді?

  • Олар ақшаңыз жоғалады деп қысым жасайды. Тіпті қаражатыңыз өзіңізде қалуы үшін дереу әрекет ету керек екенін айтып, телефонды қосулы ұстауға кеңес береді.
  • Осылайша, олар құпия деректер мен SMS арқылы жіберілетін бір реттік құпия сөздерді, карта нөмірлері және рұқсат етілмеген транзакциялар үшін пайдалана алатын басқа ақпаратарды сұрап алады.
  • Шұғыл әрекет ету керек екенін айтып, жағдайды қиын екенін көрсетіп, белгілі бір шотқа ақша аудару сияқты қаржылық операцияларды орындауға көндіреді.

Алаяқтар қоңырау шалғанда не істеу керек?

Алаяқтар сіздің қаражатыңызға қол жеткізу үшін барынша қорқыныш пен қысым көрсету тактикасын пайдаланады. Мұндай жағдайда мына нұсқауларды орындаңыз:

  • Сабырлы болыңыз. Үрейленбеңіз, қоңырау шалушының талаптарына жауап беруге асықпаңыз.
  • Жеке ақпаратты бермеңіз: карта нөмірлері, бір реттік парольдер (SMS арқылы жіберіледі), PIN кодтары, CVV және басқа құпия ақпаратпен бөліспеңіз.
  • Ешқандай транзакция жасамаңыз: қоңырау шалушының нұсқауы бойынша ақша аудармаңыз, қаржылық операцияларды орындамаңыз.
  • Қоңырау шалушымен әңгімені үзіңіз: егжей-тегжейлі тыңдамай-ақ, алаяқпен сөйлесуді тоқтатыңыз. Телефонды қойып, ресми банк нөміріне қоңырау шалып жағдайды ескертіңіз.
  • Нөмірді бұғаттау: Әңгімелесуден кейін сізбен қайта байланысуға жол бермеу үшін алаяқтың телефон нөмірін блоктаңыз.

Парақшаңыздың қауіпсіздігін сақтау бойынша кеңестер

Банк өз клиенттерінің шоттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, рұқсатсыз қол жеткізу мен ақша қаражаттарын өзгелер қолды қылмас үшін бар күшін салады. Осы тұста әр адам өз шоттарының киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарғаны маңызды.

Мынадай ережелерді сақтаңыз

  • Құпия сөз бен тіркелген деректерді қауіпсіздікте сақтаңыз. Оларды ешқашан үшінші тарапқа көрсетпеңіз.
  • Құпия сөздерді үнемі өзгертіп, таңбалардың күрделі комбинацияларын пайдаланыңыз.
  • Күдікті электрондық пошталарға, қоңырауларға және сұрауларға, әсіресе олар сіздің жеке ақпаратыңызды немесе есептік жазбаңызға кіруді сұраса, сақ болыңыз және күдіктеніңіз.
  • Есептік жазбаңызда күдікті әрекетті байқасаңыз, шотыңыздың қауіпсіздігі бұзылды деп күдіктенсеңіз, дереу банкке хабарласыңыз.

Лицензия АРРФР №1.2.25/195/34 от 03.02.2020 г

Талқылау