Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Банк бизнесімді тартып алды": Қарағандыда кәсіпкер әйел банк пандемияны пайдаланып, тығырыққа тіреді деп айыптады

Қарағандыда "Бегопарк" директоры облыс әкімдігі ғимаратының алдында жалғыз адамдық пикетке шықты. Әйел банктердің бірі пандемияны пайдаланып, оның бизнесін тартып алды деп мәлімдеді. Ол биліктен әділдікті қалпына келтіруге көмектесуін сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды. 

Гүлнар Қадірова

Қарағандылық Гүлнәр Қадірова әкімдік жанында жалғыз пикет ұйымдастырды. Өзі басқаратын балаларға арналған аттракцион саябағы пандемияға байланысты екі жыл бойы жұмыс істемей тұрған. Табысы болмаған соң компания 12 жыл бұрын "Нұрбанктен" алған несиесін өтей алмаған.

Пандемияға дейін Гүлнардың айтуынша, ол бірде-бір рет төлемдерді кешіктірмеген. Банкке алған қарызын үш есе етіп қайтарған. Уәделерге қарамастан, банк биыл 21 ақпанынан бастап қана пайызды алып тастаған. Ал сот арқылы қалған қарызды өндіріп алыпты.

“Қаржы нарығы агенттігінің пайыздық мөлшерлемені тоқтату туралы бұйрығы бола тұра "Нұрбанк" кейінге қалдырылған несие бойынша өсім өндіріп алды. Бірақ олар мені 2021 жылдың желтоқсанында мәжбүрлеп, сыйақы, пайызыды есептен шығаруға уәде беріп, проблемалық бөлімге көшірді. Ал 2022 жылдың 19 тамызында олар менің бизнесімді тартып алды”, – дейді Кушум 2006"ЖШС директоры Гүлнар Қадірова.



“Нұрбанктің” бас кеңсесі Гүлнар Қадірова айтқан ақпарат шындыққа жанаспайды деп жауап берді. Олар оның несиесі пандемияға дейін алты рет қайта құрылымдалғанын және карантин кезінде жеті рет кейінге қалдырылғанын айтты.

“Пандемия біткен соң "Кушум 2006" ЖШС директоры Гүлнәр Қадірова қарызын қайтармай жүр. 2022 жылғы 19 тамызда бірінші сатыдағы сот арызды ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Компания несие бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндетті (кепілді өндіріп алу туралы арыз қанағаттандырылмады). Банк кепілді сатқан жоқ, оның құны қалған қарыздан 10 есе көп”, – дейді "Нұрбанк" АҚ басқарма төрайымы Гүлнара Мұсатаева.

Айта кетсек, пандемия кезінде шағын және орта бизнес үлкен шығынға ұшыраған. 300 000 компания жабылды. Мемлекет салықтық жеңілдіктер және несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру түріндегі қолдау шараларын әзірледі.

Кәсіпкерлердің айтуынша, оларды барлығы бірдей пайдалана алмаған. Ал Гүлнәр Қадірова плакатпен 10 минут тұрды, содан кейін полициякеліп, әкімдік қызметкерлері оны ғимаратқа кіргізген.

Оны облыс әкімі қабылдады. Кездесуге банк пен прокуратура өкілдері де шақырылды. Аймақ басшысы мәселені шешуге көмектесуге уәде берді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Тамыз, 2022 09:20
Талқылау