AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам банктегі ақау кезінде 400 миллион теңгені заңсыз аударған: Ол ақталып шықты

Жоғарғы сот 7 жылға бас бостандығынан айрылған В.Фединге қатысты сот шешімінің күшін жойды. Ер адам аса ірі көлемде ақша ұрлады деп айыпталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аударым

2021 жылдың қарашасында Федин аса ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікке ілініп, 7 жылға бас бостандығынан айрылған.

"Сот материалдарына сәйкес, Федин банктегі бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақау кезінде мобильді қосымша арқылы өзге тұлғалардың карталық шотына ақша аударған. Нәтижесінде банкке 400 миллион теңгеден астам шығын келген. Фединнің өзі ЖШС қаржы директоры және платина картасының иесі ретінде банк шексіз аударымдарды ашты деп ойлаған", – деп түсіндірді сот өкілдері.

Кейін ақаудың банктегі бағдарламалық қамтамасыз етуде жетіспеушіліктерге байланысты болғаны анықталды. Ал Федин ақпарат жүйесіне қатысты ешқандай әрекет жасамаған. 

Сонымен қатар банктегі ақау кезінде Федин ғана емес, тағы 35 клиент ақша аударған. Дегенмен өзгелеріне қатысты қылмыстық жауапкершілік туралы сұрақ көтерілмеген.

"Шығын мөлшерін қылмыстық тергеу органдары банк өкілдерінің жауабы мен карта шотының чегі негізінде анықталған. Сот сараптамасы жүргізілмеген. Сонымен қатар карта иесінің банк алдындағы қарызы үшін қылмыстық емес, азаматтық-құқықтық жауапкершілік қарастырылатыны назар алынбаған", – деп қосты сот өкілдері. 

Осы жағдайлар негізге алына отырып, қылмыстық істі тоқтатылып, Федин қамаудан босатылды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр