Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бангладеште найзағай салдарынан 35-тен астам адам қаза тапты

Бангладеште жерге найзағай түсіп, 35-тен астам адам қаза тапты. Олардың барлығының өліміне найзағай себепші болды.

image

Басқаларына қарағанда Пабна қаласының тұрғындары көбірек зардап шеккен. Аталған аймақта сегіз адам найзағай салдарынан қайтыс болса, Сираджгандж және Раджшахи елді мекендерінде тағы он адам өмірмен қош айтысқан. Мұнымен қатар, Дакканың астанасында екі студент қолайсыз ауа райы салдарынан қаза тапқан.

Қаза болғандардың қатарында бірнеше бала бар. Олар найзағай түскен мезетте далада ойнап жүрген. Ал қайтыс болғандардың көбісі – фермерлер. Олар да бұл уақытта егістік даласына шығып жұмыс істеп жүрген.

Үндістанның жергілікті БАҚ өкілдері осыған дейін ауа райының қатты ыстық болғанын айтады.


Оқи отырыңыз:

Теңіз дауылын бейнеге түсірмек болғандарды найзағай соқты (видео)

Шығыс Қазақстанда ат мінген малшыға найзайғай түсті

 

Талқылау