Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бангладеште көпқабатты үйден өрт шығып 43 адам қаза тапты

29 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00 шамасында жеті қабатты мейрамханадан өрт шыққан. Тілсіз жау ғимаратта тез таралып, 10 адам қызыл жалынның ішінде қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: mosoblinform.ru

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтағанымен, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. 

Елдің денсаулық сақтау министрі Саманта Лал Сеннің айтуынша, қаза тапқан 43 адамның арасында әйелдер мен балалар да бар. Тағы он шақты адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.



“Біз алтыншы қабатта болғанда түтінді байқадық. Көп адамдар сатымен жоғары көтеріліп жатты. Ал біз керісінше, су ағатын құбыр арқылы төмен түстік. Кейбірі жоғарғы қабаттан секіріп, жарақат алды”, –  дейді Сохель есімді мейрамхананың менеджері.

Еске салайық, бұған дейін Испанияда тұрғын үйдегі 138 пәтер өртке оранып, ондаған адам жоғалып кеткен еді. 

Талқылау