Балжан Бидаш: Кеспе жесек те, тесік шұлық киіп жүрсек те шынайы өмірімізді көрсетуден арланбаймын
Әнші Балжан Бидаш отбасылық өмірі мен жолдасымен ара қатынасы жайлы айтты. Өмірін көпшілікке ашық жариялап жүрген жұлдызды жұп оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
"Жахан мен Балжан өмірде де осындай ма? Шыны керек, Жахан көбіне комедия актёрі болса да мінезі өте қатал. Бірақ халыққа өте жақын. Инстада күнделікті өмірімен бөліседі. Сол инстада ол тек шынайы өмірі мен шынайы іс-әрекетін көрсетеді. Соны көрген кей бір адамдар оны дұрыс түсінбей, “қарапайымдылық” деген сайын бірбеткейлік танытып жіберетіндер де кездесіп жатады.
Жахан ұнатпайтын адаммен өтірік күліп араласып, сөйлесіп отыра алмайды. Бірақ өтірік күлу кейде керек екенін бәріміз білеміз. Көбіміз соны жасаймыз. Ол да дұрыс шығар. Инстада идеалды жанұя болып көрінуіміз мүмкін, бізде ыдыс-аяқ сылдырлап тұрады", - деп жазды.
- Жахан мен Балжан үйлену тойының қашан өтетінін айтты
- Пластикалық ота жасатқан Балжан Бидаш: Бұрынғы түрімді көрсем, шошып кетемін
Әншінің айтуынша, Жахан Отарғалиев екеуі шынайы өмірін көпшілікке жария етеді. Вайн түсіру үшін арнайы дайындалмайтынын айтады.
"Бірақ инста-сториста сіздер көріп отыратын біздің видеоларымыз ол сол біздің өміріміз. Жасандылыққа тырыспаймыз. Байқағандарыңыздай нан мен макарон жесек те, шұлық тесік, шаш май болса да біз шынайы моментті түсіріп аламыз.
Түсінгенім, өмірде біреуге ұнауға, жағуға тырыспаңыз. Шынайы өз кейпіңізді ұстаңыз! Сонда ғана жаныңызда шынайы адамдар қалады! Шынайы өмір сүріңіз", - деп жазды Балжан Бидаш.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
