"Балмұздақ алып беремін деп алдаған": Оралда 5 жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты сот басталды
Фото: instagram.com/typicaluralsk
Оралда Тасқала ауданында 5 жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты сот басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Орал апталығы” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қылмыстық іс Оралдағы қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық сотта қаралуда. Айыпталушы – 32 жастағы ер адам, бұрын сотталған. Күдікті екі жыл бұрын ұрлық жасағыны үшін жазасын өтеп, түрмеден босап шыққан. Ол жәбірленуші қыздың отбасымен таныс болған. 22 тамыз күні кешкісін ол қызды дүкенге ертіп келіп, балмұздақ алып беремін деп уәде еткен.
Қызының жоғалып кеткенін байқаған анасы іздеуге шыққан. Қызды іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан. Келесі күні таңертең 5 жасар ес-түссіз күйде табылды. Бүлдіршінді зорлады деген күдікпен қызды дүкенге апарған 32 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды.
“Тасқала ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінің әрекетсіздігі дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды”, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті.
Еске салсақ, 2025 жылдың тамызында Батыс Қазақстанда сотталып шыққан ер адам 6 жасар қызды ұрлап кетіп, зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.
"30 минутқа созылады, тез келемін деген еді": Астанада көзіне лазерлі ота жасатуға барған жалғызбасты ана қаза тапты