Балқашта зорланған қыздың құрбысы осы іске қатысы бар деп айыпталып жатыр
Балқашта топ болып қыз зорлағандардың ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат.
Жәбірленуші Нұргүл Кұсұлбекова Алматыда баспасөз конференциясына қатысты. Істі облыстық прокуратура ІІД-не тәжірибелі тергеушіге берген.
Айта кетейік, Нұргүл Құсылбекованың полицияға мәлімдеуінше, 2016 жылдың тамыз айында Балқаш қаласының екі тұрғыны оны бейіт басына апарып, қорлаған. Олар оны қабір қазуға мәжбүрлеп, күрекпен соққыға жыққан. Табанды түрде прокуратура мен полицияға жүгінгені үшін өзін жәбірлеушілердің кегінен қорыққан ол Балқаштан кетіп, Теміртау қаласында пәтер жалдап тұрған.
Тергеу кезінде жауап алынған жәбірленушінің құрбысы жалған ақпарат берді деп күдіктеліп отыр. Ол жауапкершілктен қашу үшін тергеу ісін шатастырып жіберді.
«Дәл осы қыз екі жігітке есік ашып берген. Ол жігіттің бірінің Нұргүлді шашынан сүйреп сатыдан түсіргенін көрген. Жәбірленушінің көмек сұрағанына қарамастан есікті тарс жауып алып, полиция шақырмаған. Ол Нұргүлді оның еркінсіз әкетіп бара жатқанын нақты білді», – «НеМолчиKZ» қоғамдық қозғалысының көшбасшысы Дина Смаилова.
«Екі жігіт Нұргүлді зират басына апарып зорлап, оны ұрып-соғады. Кейіннен қайтпақ болғанда көлігі оталмай қалады. Сол кезде осы қызға хабарласып, өздерін алып кетуді сұраған. Оның зиратқа полицейлермен келуіне болатын еді. Бірақ ол қылмысты жасыра берді», – дейді Дина Смаилова.
Мас жігіттер Нұргүлді құрбысына тапсырады. Ол Нұргүлді пәтеріне апарып, сол жерде бір тәулік жатқызады. Құрбысы қызға болған жайтты ешкімге тіс жармауы керек екенін айтып, жедел жәрдем де шақырмайды. Бұл іс «Қылмысты жасыру» бабымен қаралуы керек. Нұргүлді оның досы құтқарып қалды. Ол Нұргүлдің телефоны өшіп тұрған сәттен бастап іздеген. Досы Нұргүлді тауып алған соң анасының үйіне жеткізген.
Жәбірленуші моральді өтемақы талап етіп азаматтық арыз жазды. Арызда көрсетілген сома – 60 млн теңге. Әрбір айыпалушыдан 30 млн теңге талап етті.
Іс «Адам ұрлау», «Сексуалды сипаттағы зорлық көрсету», «Зорлау» бабы бойынша қарастырылып жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Ақтөбелік келіншек өзін ұрлап кетіп сотталып жатқан адамды жақсы көріп қалды
Медициналық сақтандыру қызметін алу үшін бір ауруханаға тіркелу керек
Қытайда әділетсіз жеңілген қазақ боксшысының жанкүйерлері шу шығарды