Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта ұлын құтқармақ болған ер адам суға батып кеткен

Балқашта өзінің 11 жасар ұлын құтқармақ болған ер адам суға батып кетті. Құтқарушылар оның денесін келесі күні тапқан, деп хабарлайды Stan.kz.

Instagram әлеуметтік желісінде patriotkaragandy парақшасында хабарланғандай, әкесі үрленбелі матраспен Балқаш көліне қарай шығып кеткен баласының айқайын естіген. Оны 850 метр қашықтыққа сүйреп әкеткен. Әкесі баласын құтқаруға асыққан, бірақ ол баласына жете алмай, суға батқан.


Достарының көз алдында суға батқан: Елордалық "Хан Шатырдағы" бассейнде суға батып кеткен қыздың ісі тоқтатылды 


Құтқарушылар 11 жасар баланы аман-есен алып шықты. Ал әкесі суға кеткен. Оның денесін 12 тамыздың кешінен іздеп, бүгін тапқан", - деп жазды пост авторы.

Бұл фактіні Қарағанды облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі растады.

"12 тамызда Балқаш көлінде Приозерск қаласынан 5 км жерде 2009 жылы туған бала үрлемелі матраста жағадан алысқа жүзіп кетті. Баланың әкесі құтқарушыларды күтпестен көмекке жүгірді. Бірақ ол балаға жүзе алмады. Оқиға орнына келген құтқарушылар жағалаудан 850 м қашықтықта кеткен балаға көмек көрсетіп, баланың әкесін іздеуге кірісті. Іздеу жұмыстары қараңғыға дейін жалғасып, 13 тамызда таңертең қайта басталды. Суға батқан адамның денесі бүгін сағат 10:40 - та жағадан 350 метр қашықтықта табылды", - деп хабарлады облыстық ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Талқылау