Балқашта соққыға жығылған 8 жасар баланың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: Мадина Маратовнаның жеке парақшасы
Балқашта туысының соққысына жығылған сегіз жасар баланың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баланың анасы Instagram парақшасында ұлының үстінен Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі "Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Баланың анасы Мадина Маратовна тергеуге күмәнмен қарайды.
“Оқиғадан бір апта өткен соң ғана енді қызды Қарағандыға сараптамаға жіберіп жатқаны ойландырады. Неге қажетті медициналық және тергеу әрекеттері шұғыл жасалмады? Сонда баланың құқығын қорғау, жедел тексеріс қайда? Менің ұлым жағдайдан кейін үйге ауруханада істейтін акушер-гинекологтың келгенін айтып берді. Ол қызды арнайы медициналық орында емес, үйде тексерген екен”, – деді ана.
Сол себепті Мадина тәуелсіз сарапшыларды іске тартуды талап етеді.
Бұған дейін Балқашта ер адамның 8 жасар баланы аяусыз соққыға жыққаны туралы жазған едік. Бұл туралы жәбірленуші баланың анасы Мадина Маратқызы мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, ұрып-соққан Алмас есімді ер адам, бұрынғы күйеуінің әпкесінің жұбайы. Әйел баланың денесіне түрлі жарақаттар салынғанын айтып, жұртшылықтан көмек сұрады.
Қарағанды облыстық полиция департаменті, аталмыш факті бойынша күдікті ер адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
8 жасар баланы ұрып-соқты деп айыпталған ер ада өз нұсқасын айтып берді. Алмас есімді ер адам жәбірленуші баланың өзінің 4 жасар қызын шешіндіріп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағынын айтады.

"Сүт қосылған шай ішіп, Күнге қарап табынады": Қазақстанда шектеу қойылған "Алля Аят" діни-мистикалық ұйымы ауыл халқын үрейде ұстап отыр
