Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балқашта "Қазақмыс"-тың қоймасында өрт болды

Балқашта "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС қоймасында өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

19 қаңтарда сағат 19:17-де Балқаш қаласында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің қоймасында өрт шықты. Бір қабатты №21 жеке қоймада кеңсе тауарлары сақталатын. 

Қойманың жалпы ауданы – 1800 ш.м. Көмекші тауар материалдар өртенген.



Кешке жалынды сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін тергеу анықтайды.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 20 Қаңтар, 2024 18:05
Талқылау