Балқашта кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Балқаш қаласында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында ІІМ баспасөз хатшысы Әйгерім Оразалиева хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz.

полиция

"Қандай да бір оқиға туралы адамдар әлеуметтік желілер арқылы хабарлауға тырысады. Сондықтан олардың мониторингі  - Ішкі істер органдарының жұмысындағы басты бағыттардың бірі. ІІМ-де мұнымен жарияланымдарды анықтайтын, автормен кері байланыс орнататын және тиісті бөлімшеге үндеу жіберетін белгілі бір қызмет айналысады.

Осылайша азаматтардың өтініштеріне ден қою жүргізіледі. Осы арқылы полиция "естуші мемлекет" деген ұғымға жұмыс істейді. 

Осы жолы да "#НеМолчи" қоғамдық қорының негізін қалаушы, танымал құқық қорғаушы Дина Tansari Facebook-тегі парақшасында "Полиция қызметкері Балқашта жеткіншек қызды зорлады деп күдіктенеді" деген тақырыппен пост жариялаған,- деп жазды Әйгерім Оразалиева.


Қазақстанда карантин кезінде үйдегі зорлық-зомбылық артып кетті


Оның айтуынша, ведомство басшысының реакциясы жедел болды, әрі күтіліп отырған болатын. Ерлан Тұрғымбаев Ішкі қауіпсіздік департаментіне сотқа дейінгі тергеуді бастау және полиция қызметкерлері Г. - ға қатысты қыздың анасының арызды қабылдамау фактісі бойынша тексеру жүргізуді тапсырды. Іс ерекше бақылауға алынды. Балқаш қаласына дереу жедел-тергеу тобы құрылып, жіберілді.

25 шілде күні таңертең күдікті ұсталды. Ол Қарағанды облысынан тыс жерлерге бара жатқан. Қазір ол изоляторға қамауға алынып, одан жауап алынуда.

"Ішкі істер органдарында офицерлер абыройын төгетіндерге орын жоқ! Заң бәріне бірдей және тергеу объективті болады", - деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.

Тергеу шеңберінде күдікті жұмыс істеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілік дәрежесі айқындалатын болады.

Айта кетейік, Балқаш қаласында полиция қызметкері жеткіншекті зорлады деп күдіктелген болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр