Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келісімшартты оқымай қол қойған: Сыпырушы әйел күтпеген жерден 12 млрд теңге қарыз болып қалды

Мәскеу қаласының маңындағы Воскресенск қаласының тұрғыны алаяқтарға алданып, екі млрд рубль көлемінде шығынға батты. Бұл шамамен 11,8 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

сыпырғы

Әйел адам телеарнаға берген сұхбатында баласын жалғыз тәрбиелеп отырғанын, қарыздануына байланысты жұмыстан шығарылғанын айтты.

«Олар себебін тауып, мені бірден жұмыстан шығарып жіберді. Күйеуіммен бөлек тұрамын, баланы жалғыз өзім тәрбиелеп жатырмын. Адвокаттың көмегіне жүгініп, сотқа арыздандым. Үйімді тінтіп шықты. Жүйкем жұқарып, дәрі-дәрмекке тәуелді болып қалдым», - деді бұрын көше сыпырушы болып істеген әйел. 

Әйел бірнеше жыл бұрын жұмысқа тұрарда құжаттардың мазмұнымен таныспай, қол қойып жібергенін айтты. Кейін фирма құрылтайшыларының бірі болып шыға келген. Ал фирманың атына қылмыскерлер несие рәсімдеген. 

Жергілікті басылымдар 2016 жылы Мәскеудің Дорогомиловский соты әйелден қарызды өндіріп алу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Яни ол 1,82 млрд рубль ақшаны, сондай-ақ, 127,4 миллион рубль көлеміндегі атқарушы алымды өтеуге міндетті. 

Мәскеу облысындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Екатерина Семенова әйелге қатысты жағдайды өз бақылауына алғанын айтты. 

Талқылау