"Баласы да биші болады": Бүркіттің әйелі Аиша жүктілігіне қарамастан билеп, жұртты таңғалдырды
Фото: Видеодан скриншот
Танымал жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның биі желіні жарды. Әншінің әйелі жүктілігіне қарамастан, билеп, көптің көңілін көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасында аяғы ауыр келіншегіне көмектесіп жүргенін айтты.
“Аяғы ауыр әйеліңе көмектесіп тұру керек. Көмектесемін деп билеп кеттім. Өмірді қалай сүретінің өзіңе байланысты. Көп қуанып, көп күл”, – деп жазды әнші.
-
"Тойдың орнына Дубайға кетті": Бүркіт ата-анасын шетелге демалысқа жіберді
-
"Аишаны құдайдан сұрап алдым": Бүркіт әйелін жер-көкке сыйғызбай мақтады
Желі қолданушылары аяғы ауыр бола тұра, билеген Аишаның іс-әрекетін қызу талқылап жатыр.
“Айшаның қол-аяғы жеңіл. Әрқашан жадырап жүреді. Кейбір аяғы ауыр келіншектерді көрсең, дүниеде бала тапқан сол сияқты қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатып, кірпіше жиырылып жүреді. Дүниеге 12-мүшесі сау бала келсін. Ата-енеңе жасап отырған қызметің алдыңнан шықсын, айналайын” , “Балаларыңыз да биші болайын деп тұр”, “Айы-күні жақындаса да, еркін қозғалып тұр”, “Іші қандай әдемі, қарбыз сияқты”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Гориллаға ұқсап, ерсіленіп кетті" деп Бүркіттің жары Аишаның биі көпшіліктің сынына қалған еді.

Қазақстанда өсіп, Тәжікстанда төмендеп жатыр: ТМД елдерімен қосылған құн салығын салыстырып көрдік
