Баланың зорланғанын жоққа шығарған вице-министр ақталуға тырысты
Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова ОҚО-да зорланған бала ісіне қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Бұған дейін баланың зорланғанын жоққа шығаруға тырысқан ол бұл жолы ақталуға тырысты.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Аталған оқиға жайлы ақпарат келіп түскеннен бастап, балалардың құқығын қорғау туралы Комитет оны тексеріп, жергілікті білім беру департаментімен келіссөздер жүргізіп жатыр. 13 наурыз сейсенбі күні жария болған мәлімет аймақтағы білім беру департаментінен алынған болжам болатын», – деді вице-министр бүгін үкімет жиынында.
Сондай-ақ, Асылова аталған оқиғаға назар аударған Зағипа Балиева мен қоғамға алғысын білдірді.
«Жалпы біз осындай жағдайларға қоғамның назар аударғанын қалаймыз. Ал дәл қазір қандай да бір нәтиже шығару қиын. Себебі әлі де ресми қорытындылар жарияланады. Аз уақыттан кейін осы іспен айналысып жатқан органдармен бірге аталған сұраққа жауап беретін боламыз», – деді Асылова.
Еске сала кетейік, 13 наурыз күні ОҚО-да 7 жасар баланың жоғары сынып оқушыларына зорланып келгені жайлы ақпарат пайда болды.
Жіберіп алмаңыз:
Сағадиев: «Қолтырауын», «ғаламтор», «перне тақта» секілді сөздер қолданыстан шығуы мүмкін
Құқық қорғаушы: Зорланған баланы бейімдеу орталығына жатқызу керек
Қазақ ақыны: Күләш Байсейітованың қызының тұрмысы нашар екен, көмектесейікші
ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды