Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер баланы коронавирустан қалай қорғау керектігін айтты

Қазақстанда жыл басынан бері алты бала коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер бұл вирустың енді жас бүлдіршіндерді аямайтынына, керісінше әлдеқайда агрессивті бола бастағанына сенімді. Бұл сөзімізді статистикалық мәліметтер де растайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кәмелетке толмаған науқастардың саны алты айда төрт есеге өскен.

Ауруханадағы жағдай қазір өте қиын. Вирус жұқтырғандар санының артуы себебінен төсек-орындарда бос орын жоқ. Жұқпалы аурулармен ауыратындар арасында жас балалар көбейіп кеткен. Жыл басынан бері, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 42 мың кәмелетке толмағандардан COVID-19 анықталған. Аурудың көп таралған уақыты шілдеде болды. Антирекордтық 13 047 науқас. Ауруды жеңіп шығу қиынға соғып барады. Вирустық бөлшектер бірнеше есе көп болатын жаңа штамм барлығын өзгертіп жіберді.

"Өкінішке қарай, коронавирус өте қатты өзгеріске ұшырауда. Бізге 1,5 жыл бұрын келген штамм балаларға қатты әсер етпейтін. 90 жастан асқан науқастардың 10-нан 3-і аман қалса, 16 жасқа дейінгі ауру жұқтырғандардың барлығы дерлік жазылып шығатын. Тіпті кейде әр толқын шыққан сайын қауіптірек болатындай әсер береді. Және бізге "дельта" штаммы түрінде келген вирустың ұлпаларда көбеюге бейімділігі жоғары. Сондықтан ол клиниканы әдеттегіден тезірек шақырады. Оның жұқпалылығы да шамамен 2-3 есе өскен", – дейді дәрігер-аллерголог, иммунолог Рафаил Розенсон.

Балаларды қалай қорғай аламыз? Жаң штаммның пайда болуымен бұл бүкіл әлем халқын алаңдатып тұрған сауал. Израиль елі бұл жағынан бәрінен басып озды. Мемлекет алғашқылардың бірі болып "ұжымдық иммунитетті" қалыптастырды. Балаларға да екпе салған, олардың арасында қазірдің өзінде жүз мыңнан астам вакцинацияланғандар бар. Иммундау үшін міндетті түрде ата-ананың жазбаша рұқсаты қажет.

"Вакцинация науқаны басталған кезде, өткен жылдың желтоқсанында Израиль халықты жаппай вакцинациялау мәселесін бірінші болып шеше алды. Ол кезде ешкім мұндай бағдарламаны қалай жүргізу керектігін де, оған қандай ресурстар қажет болатынын да білмеді. Бұл белгілі температуралық жағдайларды қажет ететін Pfizer вакцинасын сақтау мен тасымалдаудың күрделілігі сияқты тағы бір маңызды аспектімен байланысты болды", – дейді Тель-Авивтегі бірінші медициналық орталықтың бөлім меңгерушісі Юрий Ранков.

АҚШ-та кәмелетке толмағандар арасында Pfizer вакцинасының клиникалық сынақтары осы жылдың наурыз айында басталды. Зерттеуге 12 мен 15 жас аралығындағы мыңнан астам жасөспірім қатысты. The New York Times басылымы хабарлағандай, препарат ересектерге қарағанда балаларға жақсы әсер еткен. Әзірлеушілер әлі де жаңа деректер жинауда, олар тест қатысушыларын екі апта сайын тексеріп отырады. Сонымен қатар Ресейде де Sputnik V вакцинасын препараттың дозасын айтарлықтай төмендетіп, балаларға сынауды бастады. Ол жақта иммундау қыркүйектің аяғында басталуы мүмкін. 

Дәстүрлі оффлайн форматта бастау жоспарланып отырған жаңа оқу жылына бір айдан аз уақыт қалды. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда балаларды коронавирусқа қарсы иммундау қашан басталады деген сұраққа әлі жауап беруге асықпайды. Pfizer вакцинасының қашан келетіні де әзірге белгісіз. Ол жеткізілген жағдайда да вакцина 12 жастан асқан балаларға салынады. Негізгі қауіпсіздік шаралары болып мектептердегі медициналық маскалар, қашықтық сақтау мен дезинфекциялау құралдары болып қала береді. Бірақ ең бастысы – ересек тұрғындарды жаппай вакцинациялау болып тұр.

Талқылау